Астана ҚБФ Кубогының финалдық кезеңін қабылдайды
13–14 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын жоба аймақтарда боксты дамытуға бағытталған.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.
13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді (барлығы 15 салмақ дәрежесі). 14 желтоқсан күні үшінші және бірінші орындар үшін кездесулер жоспарланған.
Турнир Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Жарыстың басталу уақыты:
13 желтоқсанда спғат 11:30-да, 14 желтоқсанда сағат 12:00-де.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или