Қазақстандық он балуан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстандық он балуан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Халықаралық күрес федерациясы (UWW) желтоқсанның рейтингін жаңартып, 2025 жылды палуандар қай орында аяқтағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назарларыңызға грек-рим, әйелдер және еркін күрестен үздік ондыққа кірген Ұлттық құрама спортшыларын ұсынамыз: 

Грек-рим күресі: 

  • Айдос Сұлтанғали (-60 кг, олимпиадалық салмақ) 5-орын (45000 ұпай)
  • Мерей Мәулетқанов (-72 кг, олимпиадалық емес салмақ) 6-орын (33520 ұпай) 
  • Ислам Евлоев (-87 кг, олимпиадалық салмақ) 6-орын (40600 ұпай) 
  • Әлімхан Сыздықов (-130 кг, олимпиадалық салмақ) 10-орын (22000 ұпай) 


Әйелдер күресі: 

  • Виктория Хусаинова (-59 кг) - 9-орын (17000 ұпай) 
  • Жәмилә Бақбергенова (-72 кг, олимпиадалық емес салмақ) 6-орын (31500 ұпай) 
  • Эльмира Сыздықова (76 кг, олимпиадалық салмақ) 10-орын (21700 ұпай) 


Еркін күрес: 

  • Асылжан Есенгелді (-61 кг, олимпиадалық емес салмақ) 4-орын (39200 ұпай) 
  • Нұрқожа Қайпанов (-70 кг, олимпиадалық емес салмақ) 9-орын (31000 ұпай) 
  • Камиль Куруглиев (-92 кг, олимпиадалық емес салмақ) 8-орын (25000 ұпай) 


Айта кетейік, рейтинг 2025 жылғы 4 рейтингтік турнир, әлем және құрлық чемпионаттарында алған орнына қарай балл жинады. Мәселен, Загребте жеңімпаз атанған Айдос Сұлтанғали биыл Азия чемпионатына қатыспай, жазда Будапештегі рейтингтік жарыс пен әлем чемпионатында күресті. Ал Нұрқожа Қайпанов көктемде Азия чемпионатында -74 кг салмақта алтыннан алқа тақса, күзде әлем чемпионатында -70 кг салмақта үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды

Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или