Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев ең жылдам ойыншылардың қатарына енді
SofaScore қосымшасы еурокубоктың басты турнирі саналатын Чемпиондар лигасындағы желаяқтардың топ-10 тізімін жасақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемде танымал футбол қосымшасы осы жылғы додаға қатысып жатқан 36 командадан ең жылдам деген футболшыларын іріктеп, олардың максималды көрсеткішін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев та бар.
Топ-10 тізімі төмендегідей:
- Эрнес Поку (Байер) – 33,9 км/сағ
- Дэвид Промис (Юнион) – 33,6 км/сағ
- Энтони Гордон (Ньюкасл) – 33,6 км/сағ
- Дастан Сәтпаев (Қайрат) – 33,6 км/сағ
- Джед Спенс (Тоттенхэм) – 33,6 км/сағ
- Рауль Белланова (Аталанта) – 33,4 км/сағ
- Душан Влахович (Ювентус) – 33,4 км/сағ
- Ибраима Конате (Ливерпуль) – 33,3 км/сағ
- Кевин Родригес (Юнион) – 33,3 км/сағ
- Ннамди Колинс (Айнтрахт) – 33,3 км/сағ.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биылғы маусымды нәтижелі өткізді. Ол жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер–лигасында "Үздік жас футболшы" және "Үздік футболшы" атақтарын жеңіп алды.
Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXIX Конференциясы өтті
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчында бір гол ғана соғылды
«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады