Шавкат Рахмонов америкалық жауынгерді орнынан қойды

Шавкат Рахмонов америкалық жауынгерді орнынан қойды

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы үшінші нөмірлі жауынгері Шавкат Рахмонов америкалық Хоакин Баклидің әлеуметтік желідегі шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Instagram желісіндегі постында Хоакин Шавкатты «Өзбекстанда жасырынуды қой!» деп айыптап, оны жекпе-жекке шақырып, бірнеше қорлайтын сөздер жазған.

Шавкат Рахмонов өз кезегінде постқа қазақ тілінде пікір қалдырды: «Қара бала таяқ жейсің» — деп жазды «Номад».

Айта кетейік, Хоакин Бакли соңғы кездесуінде маусым айында Камару Усманға төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңілді. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы желтоқсанда ирландиялық файтер Иэн Гэрриді ұтып, рингке шыққан.

OCTAGON 83 турнирінің ресми тизері жарияланды

UFC: Асу Алмабаев топ-файтермен кездеседі. Жекпе-жек күні де белгілі

Арман Царукян мен Шара Буллет жекпе-жек өткізеді

Ислам Махачевті жеңе алатын жалғыз файтер белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или