Қазақстан құрамасы Ресейдегі турнирде екінші орын алды

Қазақстан құрамасы Ресейдегі турнирде екінші орын алды

Бірінші арна кубогының алғашқы ойын күнінде командалар 3×3 форматы бойынша өткен турнирде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы бірінші матчта Ресейге 1:4 есебімен жол берді. Біздің команданың жалғыз шайбасын Андрей Буяльский соқты.

Екінші ойында қарсылас Беларусь құрамасы болды. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, шешуші буллит сериясында Батырлан Мұратов жеңіс сыйлады.

3×3 турнирінің үшінші матчында Ресей Беларусьті 6:2 есебімен ұтты. Осылайша, үш команда арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирде екінші орынды иеленді.

Новосібір қаласында өтіп жатқан турнир 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бірінші Кубок арнасы: Қазақстан құрамасының нақты құрамы жарияланды

Жұлдызды қақпашы «Барыстан» кетуі мүмкін

Қазақстан құрамасының қақпашысы Америкада үздік атанды

«Барыстың» бұрынғы бапкері жұмыссыз қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или