Қазақстан футзалдан FIFA рейтингінде төмендеді

Қазақстан футзалдан FIFA рейтингінде төмендеді

FIFA футзал құрамалары арасындағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы сегізден тоғызыншы орынға сырғыды.

Қазақстан футзалдан FIFA рейтингінде төмендеді


Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кееңінде Италияға жол берген еді. Содан кейін 
қараша айында құрама бас бапкері Кака өз еркімен қызметінен кеткен еді. Бірақ әлі жаңа бас бапкер тағайындалмады.

Кейбір ақпарат көздері экс-бас бапкер Какау ұлттық құрамаға қайта оралады деп жазуда. Бразилиялық маман футзалдан Қазақстан құрамасын қайта баптауға басты үміткер ретінде қарастырылып отыр. Какаудың өзі де елге оралуға мүдделі және Қазақстанды қайтадан элитаға шығару жөніндегі өз көзқарасын ұсынуға дайын көрінеді.

Ол кезінде Қазақстан құрамасын екі мәрте Еуропа чемпионатының жартылай финалына алып шықты. Сонымен қатар 2016 жылы құрлықтық додада қола жүлдегер атанды.

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында ширек финалға шықты

«Қайрат» сенсацияға жол бермеді

Шыңғыс Есенаманов: «Мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды»

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Игита: «Ұлттық құрама үшін ойнауға әркез дайынмын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или