Қазақстан U15 құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді

Қазақстан U15 құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді

Қазақстан U15 құрамасы қырғызстандық құрдастарымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтағы қазақстандықтар 6-2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз команда сапында Динур Қабыл, Зейнолла Әбибулла, Ибраһим Садирдинов, Ерасыл Ибатолла, Диас Эрик және Мадияр Қамбаров гол соқты.

2026 жылғы 17 жасқа футболшылар арасындағы УЕФА Еуропа чемпионатының элиталық раунд іріктеу жеребесінің нәтижелері бұған дейін жарияланған болатын. Жеребеден кейін Қазақстан U17 құрамасы 4-топқа түсті, онда олар Чехия, Австрия және Даниямен кездеседі.

Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурызы аралығында Данияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или