Самат Смаковқа «Ертістен» ұсыныс түсті

Самат Смаковқа «Ертістен» ұсыныс түсті

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және «Жетісу» командасының экс-бапкері Самат Смаков қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Ертістің» бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-лигаға оралған павлодарлық клуб алдына үлкен мақсаттар қойып отыр.

Смаковқа келетін болсақ, «Ертіс» басшылығы оны жас және табысқа жететін команда құра алатын бапкер ретінде көреді. Кезінде футболшы ретінде «Ертістің» намысын қорғап, клубпен бірге 1999 жылы чемпиондық титулды жеңіп алды. Сондай-ақ 2015 жылы павлодарлық клубтың намысын қорғап, капитан ретінде алаңға шығып жүрді.

46 жастағы маман «Жетісуға» дейін «Елімай» мен «Жеңісті» жаттықтырды.


«Астананың» екі футболшысы ливиялық клубқа аттануы мүмкін

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или