UFC: Асу Алмабаев топ-файтермен кездеседі. Жекпе-жек күні де белгілі
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) UFC-де келесі жылдың көктемінде октогонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Вестник ММА» мәліметіне сенсек, Алмабаев 1 наурызда Мексиканың Мехико қаласында өтетін UFC Fight Night 269 турнирінде бақ сынайды. Оның қарсыласы мексикалық спортшы Брэндон Морено (23-9-2) болады.
Асу Алмабаев қазіргі уақытта UFC жеңіл салмақтағы рейтингінде жетінші орында, ал Брэндон Морено төртінші орында. Соңғы жекпе-жегінде Алмабаев америкалық Алекс Переске (25-10) қарсы жекпе-жекте қылқындыру әдісін сәтті қолданып,үшінші раундта жеңіске жетті, ал Морено екінші раундта жапон өкілі Тацуро Тайраны (18-1) мерзімінен бұрын жеңді.
Арман Царукян мен Шара Буллет жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или