IBA әлем чемпионаты: Финалда қай елдің боксшылары көп?

IBA әлем чемпионаты: Финалда қай елдің боксшылары көп?

БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті, финалистер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей финалға шыққан боксшылар саны бойынша көш бастап тұр, алтын медаль үшін жекпе-жекте он екі спортшысы сынға түседі. Екінші орында Өзбекстан, финалда алты спортшы бақ сынайды.

Қазақстан 2025 жылғы әлем чемпионатында финалистер саны бойынша үшінші орында, алтын медальға төрт боксшымыз таласады. Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның әрқайсысында бір-бір финалист бар.

Финалдық кездесулер 13 желтоқсан, сенбі күні өтеді.


IBA әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или