Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

Абылайхан Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол қырғызстандық Ихтиёр Нишановты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді - 5:0. Осылайша қазақстандық боксшы ұлттық құрамаға төртінші финал сыйлап, Азия чемпионы әрі әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Сабыржан Аққалыковтың (75 кг) қатарына қосылды.

IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады.

Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионаты финалында бақ сынайды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или