Бокстан әлем чемпионатындағы Казақстан мен Ресей арасындағы жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталды
2025 жылғы бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында (IBA) қазақстандық спортшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда (БАӘ) жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
63,5 кг салмақ дәрежесіндегі финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ресейлік боксшы Илья Поповпен кездесіп, үш раундтық тартыстан кейін төрешілер 4:3 есебімен жеңісті қарсыласына берді.
Осылайша Зейнуллинов 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал Попов финалға жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін Зейнуллинов 2025 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінде чемпион атанып, Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алған.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 8,32 миллион доллар.
Боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионаты финалында бақ сынайды
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды