Жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңілді
2026 жылғы әлем чемпионатының IA дивизионында хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Словенияда төртінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топ көшбасшысы Норвегиямен өткен кездесуде қазақстандықтар 2:10 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы кезең толықтай норвегиялықтардың еншісінде өтті: алғашқы минутта Тинус Коблар, ал 8 және 13-минуттарда Никлас Аарам-Ольсен шайба салды. Екінші кезеңнің 23-минутында Корней Корнеев есеп айырмасын қысқартты, алайда қарсылас бұл басымдықты тез қайтарып алды. 25-минутта Элиас Ватне мен Коблар, 30-минутта Миккель Эриксен, 37-минутта Дидрик Баанеруд шайба соқты.
Үшінші кезеңде де Норвегия ойын тізгінін бермеді: 44-минутта Ромео Серенсен, 46-минутта Коблар, 48-минутта Лукас Петтерсен-Финкенхаген және 52-минутта Мажит Имашев нәтижеге әсер етті. Ойынның қорытындысы — Норвегияның пайдасына 10:2.
Төрт турдан кейін Норвегиядп 11 ұпайы бар, ал Қазақстан 6 ұпаймен қалып отыр. Бұл нәтиже біздің құраманы топтың жеңімпазы ғана өтетін жоғарғы дивизионға шығу мүмкіндігінен айырды. Қазақстан құрамасы соңғы матчын сенбі күні Австрияға қарсы өткізеді.
Бірінші Кубок арнасы: Қазақстан құрамасының нақты құрамы жарияланды
Жұлдызды қақпашы «Барыстан» кетуі мүмкін