ISU төрт қазақстандық спортшының 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алғанын растады

ISU төрт қазақстандық спортшының 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алғанын растады

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы шорт-трек жарыстарына бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде бұл додада төрт қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстан ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта екі спортшыны және 1000 метрде бір спортшыны жарысқа қосу құқығына ие болды.

Әйелдер құрамасы 500 метрде екі, 1000 метрде бір және 1500 метрде екі спортшыны тіркей алады.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы аралас эстафетаға да қатысады.

ISU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ережесіне сай, шорт-тректе берілетін жолдамалар спортшыларға жекелей емес, елге тиесілі. Сондықтан құрамаға кімдердің ілінетіні туралы соңғы шешімді бапкерлер штабы қабылдайды.

Белгіленген мерзім ішінде ұлттық федерация өздерінің аталған жарыстарға қатысатынын ресми түрде растауы қажет. Осы рәсім аяқталғаннан кейін квоталар Қазақстанға түбегейлі бекітіліп, Олимпиадаға баратын спортшылар тізімі мақұлданады.

Ресейді Қазақстанға ауыстырған спортшы ел чемпионатына қатыспайды

Ел астанасында қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады

Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі: Хамарда ел намысын кімдер қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или