Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Теміртас Жүсіпов Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Тағы екі қазақстандық боксшы финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Эдмон Худоянға қарсы шығып, төрешілер шешемімен 0:5 есебімен жеңіліс тапты.
Қазақстандық боксшы жеңілісіне қарамастан әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Бұл - Жүсіповтың әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 2021 жылы ол Белградта өткен жарыста әлем чемпионы атанған еді.
Оған қоса Қазақстан құрамасының екі спортшысы Сәкен Бибосынов пен Сабыржан Аққалықов финалға шығып, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионаты финалында бақ сынайды
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жекпе-жексіз финалға шықты