Бокстан ӘЧ: Сабыржан Аққалықов финалда бақ сынайды
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында бір боксшы финалға өтіп, біреуі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүниежүзілік додада Сабыржан Аққалықов (75 келі) ешқандай жекпе-жек өткізбестен финалға жолдама алды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоев жарысты жалғастыра алмайтыны белгілі болды. Сондықтан отандасымыз енді финалда бақ сынайды.
Айта кетсек, ол бұдан бұрын ширек финалда израильдік Мирослав Капулер-Ищченконы нокдаун және нокаутқа түсірді. Нәтижесінде жартылай финалға берілген жолдамаға қол жеткізген еді.
Сабыржан Аққалықов 2002 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2021 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Енді қазақстандық боксшылар арасынан Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) шаршы алаңға шығады.
Әлем чемпионаты: сегізінші күннің тікелей трансляциясы
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды