«Барыс-2014» Бірінші арна кубогында «Химикті» жеңді

«Барыс-2014» Бірінші арна кубогында «Химикті» жеңді

«Барыс-2014» командасы Бірінші арна кубогы аясындағы балалар мен жасөспірімдер турнирін сәтті бастады. Олар Новополоцкіден келген Беларусьтің «Химик» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, матчтың тағдырын өзгертіп, кездесудің аяқталуына төрт минут қалғанда жеңіс шайбасын соқты.

Нәтиже - 4:3, Қазақстан командасының пайдасына.

«Барыс» сапында Айдар (дубль), Сейфуллин және шешуші шайбаны енгізген Гильмутдинов голдарымен көзге түсті. Қақпаны Синица мен Қанат қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или