Сабыржан Аққалықов өзбекстандық боксшыдан жекпе-жексіз өтті

Сабыржан Аққалықов өзбекстандық боксшыдан жекпе-жексіз өтті

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов (75 кг) IBA ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына жекпе-жексіз шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Оның қарсыласы, өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жарақатына байланысты турнирден шығып, Дубайдағы жарыста қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін Аққалықов ширек финалды сенімді түрде еңсерген еді: бірінші раундтың ең соңында Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенконы нокаутқа түсірді. Қарсыластың жарақат салдарынан қаны тоқтамай, жекпе-жек бірнеше рет тоқтатылған еді.

Сабыржан үшін бұл әлем біріншілігіндегі екінші нокаут: 1/16 финалда ол Сейшель өкілін мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Әлем чемпионаты: сегізінші күннің тікелей трансляциясы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или