Джуд Беллингем жанкүйерлердің сынын түсінеді
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем сәтсіз ойнаған матчтардан кейін жанкүйерлердің команданы сынап, ысқыруын түсінетінін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен сәрсенбі күні мадридтіктер Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 6-турында өз алаңында «Манчестер Ситиге» 1:2 есебімен есе жіберді.
«Мен бір нәрсе өзгергенін сеземін және ойынды жақсартуымыз керек. Бізді сынап, ысқырғандарды түсінемін - адамдар ойынымызды көру үшін көп ақша төлейді, ал біз әлемнің ең үздік клубының намысын қорғаймыз», - деп келтірді Беллингемнің сөзін CBS Sports.
Алты матчтан кейін «Реал» 12 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі кестесінде жетінші орында тұр.
Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или