Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина алдағы Қазақстан чемпионатына қатыспайды

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина алдағы Қазақстан чемпионатына қатыспайды

RB Sport хабарлағандай, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина алдағы Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп жазады Prosports.kz.

«Софьяда жедел респираторлық ауру бар, оған 12 желтоқсанға дейін демалыс пен медициналық бақылау ұсынылды», - делінген жарыс баспасөз-қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Самоделкина Ресей атынан шыққан еді, бірақ кейін спорттық азаматтығын ауыстырған.

Қараша соңында спортшы Хельсинкиде өткен ISU Гран-при кезеңіне қатыспады. Жарыстар 22-23 қараша күндері өтті. Софья виза мәселелеріне байланысты қатыса алмады.

Сәтті өнер көрсеткен жағдайда Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-при финалына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете алар еді. Онда барлық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік алты спортшы өнер көрсетеді.

Ел астанасында қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады

Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі: Хамарда ел намысын кімдер қорғайды

Биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогында алғашқы ұпайын еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или