Генадий Головкин «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына қатысты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Мерейтой Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті.
Мереке аясында «Динамо» чемпиондар лигасы турнирі ұйымдастырылып, онда Қазақстан құрамасы мен Халықаралық үйлестіру кеңесінің командасы бірнеше спорт түрі бойынша сынға түсті. Сонымен қатар қоғамның жүз жылдығына орай арнайы концерт қойылды.
Айта кетерлігі, тәуелсіздік жылдары динамовшылар 65 Олимпиада медалін жеңіп алды. Әр жылдары Олимпиаданың жеңіс тұғырына Геннадий Головкин, Елдос Сметов, Ольга Шишигина, Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов, Юлия Галышева, Денис Тен, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Александр Винокуров, Бахтияр Артаев, Асхат Жіткеев және тағы басқа спортшылар көтерілді.
Сонымен қатар қоғам жылдар бойы дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастарды патриоттық сезімге баулу мен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге ерекше мән беріп келеді.
Маңғыстаулық спортшы Дубайда ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанды
ҚР ҰОК WADA-2025 Бүкіләлемдік допингке қарсы конференциясына қатысты
Меруерт Камалиденова шахматтан Испаниядағы беделді турнирде күміс жүлде алды