«Жеңіс» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты
Елордалық «Жеңіс» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Мәди Хасейнмен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәди Талдықорған футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіпқой мансабын 2018 жылы «Жетісудың» қосалқы құрамында бастаған. Осы жылдар ішінде «Жетісу», «Мақтаарал», «Қызылжар» командаларында өнер көрсетті.
Өткен маусымда қорғаушы астаналық клуб сапында бар болғаны үш матч өткізіп, маусымның көп бөлігін жарақатына байланысты өткізіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или