Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Қанат Саңғылдың (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Қанаттың жекпе-жегі 20 желтоқсанда Алматыда өтеді. Қарсыласы филиппиндік боксшы Брайан Кабрильос (7-1-1, 4 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған және екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Қанат кейінгі жекпе-жегін 5 қыркүйекте Алматыда өткізіп, үндістандық боксшы Харджот Сингхті (11-2-1, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Кабрильос кейінгң рет Австралияда 25 маусымда жекпе-жек өткізіп, жергілікті боксшы Вегас Ларфилдтен (13-1, 9 КО) төрешілер шешімімен ұтылды.

ӘЧ: Күндізгі сессияда алты қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

15 нокауты бар қазақ боксшысы Ресейдегі бокс кешінді жеңіліс тапты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или