Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды
УЕФА баспасөз қызметі Чемпиондар лигасы аптаның үздік ойыншысына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайдыProsports.kz.
Олар «Аякстың» шабуылшысы Оскар Глух, «Аталанта» жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе, «Арсеналдың» вингері Нони Мадуэке және «Барселонаның» қорғаушысы Жюль Кунде болды.
Глух «Қайратты» 4:2 есебімен жеңген кезде дубль жасады, де Кетеларе «Челсиді» 2:1 есебімен жеңген кезде бір гол мен нәтижелі пас берді, Мадуэке «Брюггемен» (3:0)матчта дубль жасады, Кунде «Айнтрахт» (2:1) қақпасына екі рет гол соқты.
Ямаль Мбаппені басып озып, Чемпиондар лигасында тарихи көрсеткішке жетті
Лионель Месси АҚШ-та үздік атанды
«Олимпиакос» бапкері алматылық клуб туралы пікір білдірді
Футболдан Әлем чемпионатының финалы қай стадионда өтетіні белгілі болды