Ел астанасында қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылады
Астанада бірнеше спорттық бағытты бір басқару жүйесіне біріктіріп, спортшыларды бастапқы дайындықтан ұлттық құрама деңгейіне дейін тиімді дайындауға мүмкіндік беретін мектеп құрылмақшы. Бұл туралы Астана қаласының әкімідігі мәлім етті.
Бірыңғай мектеп құрудағы мақсат:
- қысқы спорт түрлері бойынша бірыңғай дайындық орталығын қалыптастыру;
- кадрлық, қаржылық және материалдық ресурстарды шоғырландыру;
- оқу-жаттығу үдерісінің сапасын және спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- мекемелер құрылымын қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту басымдықтарына сәйкестендіру.
Әкімдіктің мәліметінше, жыл соңына дейін Орталық саябақта жаңа заманға сай шаңғы базасының құрылысы аяқталады. Жаңа кешенде түрлі деңгейдегі шаңғыроллерлік жолдар, киім ауыстыратын жылы бөлмелер, инвентарь дайындау бөлмелері, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге арналған арнайы кабинеттер болады. Бұдан бөлек, «Қазақстан» спорт сарайының құрылысы да басталды, бұл қысқы спортпен айналысуға қолжетімді ортаны кеңейтудегі маңызды қадам.
— Маңыздысы — енгізіліп жатқан өзгерістер кадрлық қысқартуға әкелмейді: барлық жаттықтырушы өз жұмыс орындарын сақтап, балалармен толық режимде жұмысын жалғастыра береді. Оқу-жаттығу процесі де бұрынғы көлемде жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Әкімдіктің дерегінше, ата-аналар үшін алаңдауға еш негіз жоқ. Жаттығу қалыпты кестеге сай жүргізіледі, бағдарламалар қолжетімді күйінде қалады. Қысқы спорт түрлерін бір мектепке біріктіру жас спортшылардың дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі: Хамарда ел намысын кімдер қорғайды
Биатлоншы Владислав Киреев әлем кубогында алғашқы ұпайын еншіледі
Қазақстандық конькишілер әлем кубогында 11 медаль еншіледі
Фристайлдан ӘK кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды