ӘЧ: Кешкі сессияда төрт қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты

ӘЧ: Кешкі сессияда төрт қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты

Дубайда IBA ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешкі сессияда төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Оның үшеуі жеңіп, біреуі жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Алғаш болып шыққан Даниял Сәбит (51 келі) ширек финалда Замбия өкілі Патрик Чинембамен кездесіп, төрешілер шешімімен қарсыласқа жол берді.

Ал Оразбек Асылқұлов (57 келі) Испания өкілі Карлос Мартиес Бернандті, Ертуған Зейнулинов (63,5 келі) Израиль өкілі Ахмад Штиуиді және Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Әзербайжан өкілі Сархан Алиевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Үш боксшы да қарсыластарын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, ширек финалда өнер көрсеткен 10 боксшымыздың алтауы жартылай финалға жолдама алды. Күндізге сессяда алты боксшымыз шаршы алаңға шықты. Оның үшеуі жеңіп, үшеуі жарыс жолынан ерте шығып қалды.

ӘЧ: Күндізгі сессияда алты қазақ боксшысы шаршы алаңға шықты

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

15 нокауты бар қазақ боксшысы Ресейдегі бокс кешінді жеңіліс тапты

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или