Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында Иранды қапы қалдырды
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатындағы 31-орын күшін сайыста Иран құрамасын 31:24 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандастарымыз қазірге дейін алты кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Алдымен іріктеу сатысының топтық кезеңінде Анголаға 20:38, Норвегияға 16:41, Оңтүстік Кореяға 17:35 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін 24-32 орындар үшін плей-офф сатысында екінші топта Кубаға 28:29, Қытайға 30:32, Египетке 18:30 есебімен жол берді.
Қазақстандық гандболшылар 2008 жылы Олимпиадада 10-орынға алған еді. Одан кейінгі жылдарда дүбірлі додадан тыс қалды. Отандастарымыз қазірге дейін әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Олардың жоғары жетістігі - 2007 жылғы 18-орын. Әлем чемпионатында финал мен 3-орын үшін сайыс 14 желтоқсанға белгіленген.
Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Ресей - 7, Норвегия мен Германия -4, Франция - 3, Венгрия, Сербия, Дания, Румыния, Нидерланд, Чехословакия, Оңтүстік Корея мен Бразилия - 1 мәрте чемпион атанды.
«Жетісу» волейбол командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үш матчта да жеңілді
Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды
Спорт министрі Қазақстанда трендке айналған спорт түрін атады