ӘЧ: Үш қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды

ӘЧ: Үш қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды

Дубайда IBA ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Оның үшеуі жеңіп, үшеуі жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Сәкен Бибосынов (54 келі) ширек финалда Замбия өкілі Муенго Муалемен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетіп жартылай финалға жолдама алды

Теміртас Жүсіпов (48 келі) Непал өкілі Лал Прасад Упретиді төрешілер шешімімен тізе бүктірсе, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищченконы бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал Серік Теміржанов (60 келі) Тәжікстан өкілі Акмал Убайдовқа, Санатәлі Төлтаев (67 келі) Өзбекстан өкілі Асахужа Муйдинхужаевқа және аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай Армения өкілі Давид Чалоянға жол беріп, жартылай финалға өте алмады.

Айта кетейік, кешкі сессияды тағы төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығатын болады.

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

15 нокауты бар қазақ боксшысы Ресейдегі бокс кешінді жеңіліс тапты

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или