ҚПЛ-2025 маусымының үздіктері белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы бүгін 2025 жылғы ҚПЛ маусымының үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде үздік ойыншы атағын жас талант, қазақ футболының болашағы Дастан Сәтпаев иеленді. 17 жастағы алматылық клубтың шабуылшысы өткен маусымда 26 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 6 голдық пас берген.
Үздік қақпашы атағы тағы бір алматылық «Қайрат» ойыншысы Темірлан Анарбековке бұйырды. Ұлттық құрама қақпашысы өткен маусымда 10 матч өткізіп, оның жетеуінде қақпасын құрғақ сақтап қалған.
Үздік қорғаушы атағын «Ақтөбе» қорғаушысы Бағдат Қайыров иеленді. Ол 21 матчқа қатысты.
Үздік жартылай қорғаушы номинациясы маусым ортасында ғана «Елімай» сапына қосылған Ғалымжан Кенжебекке бұйырды. Қазақстандық жас талант өткен маусымда 11 матчқа қатысып 6 гол соғып, 3 голдық пас берген.
Ал үздік шабуылшы атағы қостанайлық «Тобыл» шабуылшысы Ислам Чесноковқа бұйырды. Ол 25 матчта 9 гол соғып, 4 голдық пас берген.
ҚПЛ-2025 үздіктері (толық тізім):
- Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин «Қайрат». Үміткерлер: Андрей Карпович, Нұрбол Жұмасқалиев.
- Үздік ойыншы – Дастан Сәтпаев «Қайрат». Үміткерлер: Александр Мартынович, Ғалымжан Кенжебек.
- Үздік жас ойыншы – Дастан Сәтпаев «Қайрат». Үміткерлер: Александр Мрынский, Темірлан Мұрзағалиев.
- Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков «Қайрат». Үміткерлер: Александр Заруцкий, Мұхаммеджан Сейсен.
- Үздік қорғаушы – Бағдат Қайыров «Ақтөбе». Үміткерлер: Карло Бартолец, Әлібек Қасым.
- Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек «Елімай». Үміткерлер: Назми Грипши, Жоржиньо.
- Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков «Тобыл». Үміткерлер: Дастан Сәтпаев, Марин Томасов.
- Үздік сұрмерген – Назми Грипши («Астана», 16 гол).
- Жыр серпілісі – Дәурен Жұмат «Оқжетпес».
Қазақстан U-19 және Қазақстан U17 құрамаларының элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчында бір гол ғана соғылды
«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады
Грекиялық футболшы «Қайрат» ойыншыларына қатысты пікір білдірді