Қазақстан U-19 және Қазақстан U17 құрамаларының элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі және 17 жасқа дейінгі 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты элиталық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы 5-топқа түсті. Бұл топта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнаймыз.
Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Румынияда өтеді. Элиталық кезеңге қатысатын 28 құрама жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Финалдық кезеңге жарыс қожайыны Уэльс құрамасы автоматты түрде қатысады.
Ал Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Чехия, Аустрия және Даниямен 4-топқа түсті.
Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді. 28 құрама жеті топқа бөлініп, жолдама үшін бақ сынайды. Финалдық кезең 25 мамыр – 7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.
«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады