UFC басшысы ресейлік файтер Ислам Махачевтің жеңілгенін армандайды
UFC басшысы Дэйна Уайт ресейлік файтер Ислам Махачевтің жеңілгенін армандайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұндай пікірді 1995 жылы UFC-дегі алғашқы ресейлік чемпион атанған Олег Тактаров білдірді.
Тактаровтың айтуынша, Махачевті жеңе алатын жалғыз спортшы — грузин тектес испаниялық файтер Илия Топурия.
Ресейлік файтер Петр Янның грузин Мераб Двалишвилиді жақында жеңуін талқылай отырып, Тактаров әлеуметтік желідегі парақшасында былай деді: «Дэйна Уайт Мерабтың эмоционалдық күйі төмен екенін жақсы түсінді және оған Петрмен айқасты берді. Өйткені бір адам ұзақ уақыт бойы жеңе алмайды, бұл бизнес үшін жаман. Қазір ол Исламның жеңілгенін армандайды, сондықтан оны Топуриямен кездестіруге тырысады. Өйткені оны жеңе алатын жалғыз адам — Илия».
Еске салайық, қараша айының ортасында Махачев Нью-Йорк қаласында өткен UFC 322 турнирінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды.
Мераб Двалишвили Янмен трилогияға шыққанын растады
UFC чемпионы салмақ ауыстыруды жоспарлап отыр
Белгілі өзбек Қазақстанның танымал медиа-файтеріне қарсылас атанды
Ташкенттегі OCTAGON турнирінің басты жекпе-жегі белгілі болды