Роберт Просинечки Қырғызстан құрамасының тізгінін ұстады

Роберт Просинечки Қырғызстан құрамасының тізгінін ұстады

Қырғыз футбол одағының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып «Реал» мен «Барселона» клубтарының бұрынғы ойыншысы, 1998 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Роберт Просинечки тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

56 жастағы маманмен бір жыл және бір ай мерзімге келісімшарт жасалды. Егер Қырғызстан құрамасы 2027 жылғы Азия кубогында сәтті өнер көрсетсе, келісімшарт тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін.

Просинечкінің соңғы жұмыс орны Черногория құрамасы болды. Бұған дейін ол Босния және Герцеговина мен Әзербайжан ұлттық командаларын, сондай-ақ «Црвена Звезда» және «Кайсериспор» клубтарын жаттықтырған.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде хорват маманы жаттықтырған Черногория Хорватия, Чехия, Фарер аралдары және Гибралтармен бір топқа түсіп, 4-орынға ие болған.

Ямаль Мбаппені басып озып, Чемпиондар лигасында тарихи көрсеткішке жетті

Лионель Месси АҚШ-та үздік атанды

«Олимпиакос» бапкері алматылық клуб туралы пікір білдірді

Футболдан Әлем чемпионатының финалы қай стадионда өтетіні белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или