Елена Рыбакинаның 2026 жылғы алғашқы турнирі анықталды

Елена Рыбакинаның 2026 жылғы алғашқы турнирі анықталды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатысуға өтініш берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Турнирге топ-10 өкілдері де қатысады. Мысалы, Арина Соболенко, Аманда Анисимова, Джессика Пегула, Мэдисон Киз, Мирра Андреева және Екатерина Александрова қатысатындарын растады.

Еске салайық, Елена Рыбакина 2024 жылы Брисбен турнирінің жеңімпазы атанған еді.

2025 жылғы маусымда қазақстандық теннисші Страсбургте (Франция) және Нинбода (Қытай) өткен екі турнирді жеңіп алды, сондай-ақ Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-2025 Қорытынды турнирінің чемпионы атанды.

Аустралия ашық чемпионатына қатысатын Қазақстан теннисшілері белгілі болды

Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде тағы бір үздік көрсеткішке қол жеткізді

Теннис ардагері Дубайдағы турнирде өнерімен таңғалдырып жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или