Маңғыстаулық спортшы ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық спортшы ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанды

Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубының жүзуден жаттықтырушысы Қуаныш Асқар Дубайда ашық суда жүзуден әлем чемпиононтында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық суда жүзуден әлем чемпионаты 2-7 желтоқсан күндері өткен, оған әлемнің әр елінен шамамен 2500 спортшы қатысқан. Ал Қазақстаннан 360 спортшы бақ сынаған.

"Чемпионаттың басты ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін жеке категория қарастырылмаған. Барлық қатысушыға бірдей уақыт лимиті қойылды. Қуаныш Асқар – кәсіби жаттықтырушы ғана емес, халықаралық деңгейдегі күрделі қашықтықтарды тұрақты түрде бағындырып жүрген спортшы. Бір қолының жоқтығына қарамастан, ол жоғары дайындық пен қайсар мінезінің арқасында сайыста мықты нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Спортшы бұл жарысқа үш ай бойы үздіксіз дайындалғанын айтады. "Нәтижесінде алғашқы орынды иелендім. 10 шақырымда мүмкіндігі шектеулі спортшы ретінде жалғыз өзім қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш", - деді Қуаныш Асқар.

Айта кетейік, биыл тамыз айында Ақтау қаласында өткен Oceanman ашық теңіз жарысында Қуаныш Асқар 10 шақырым қашықтықты 3 сағат 31 минутта жүзіп өтіп, Дубайдағы әлем чемпионатына жолдама алған.

Ал финалдық додада дәл осы қашықтықты 3 сағат 23 минутта бағындырып, қарсыластарын айқын басып озған.

ҚР ҰОК WADA-2025 Бүкіләлемдік допингке қарсы конференциясына қатысты

Меруерт Камалиденова шахматтан Испаниядағы беделді турнирде күміс жүлде алды

Қазақстандық шахматшы Испаниядағы турнирде күміс медаль еншіледі

Садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или