Ламин Ямаль 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы ЧЛ-дың ең нәтижелі футболшысы атанды

Ламин Ямаль 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы ЧЛ-дың ең нәтижелі футболшысы атанды


«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында 18 жасқа толмаған футболшылар арасындағы ең нәтижелі ойыншы ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол жалпы кезеңнің 6-туры аясында «Айнтрахтқа» қарсы матчта голдық пас беріп, жаңа рекорд орнатты.

9 желтоқсанда өткен ойын каталондықтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. «Барселона» сапынан Кунде дубль авторы атанса, неміс клубынан алғашқы таймда Кнауфф көзге түсті. Осы матчтан кейін Ямальдың  Чемпиондар лигасындағы көрсеткіші 7 гол мен 7 нәтижелі пасқа жетті — бұған дейін 18 жасқа дейінгі үздік көрсеткіш Килиан Мбаппеге тиесілі болатын (10 гол, 3 пас).

Келесі ойында «Барселона» пражалық «Славиямен» кездеседі.

Лионель Месси АҚШ-та үздік атанды

«Олимпиакос» бапкері алматылық клуб туралы пікір білдірді

Футболдан Әлем чемпионатының финалы қай стадионда өтетіні белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или