Двалишвили: «Келесі жекпе-жегім – Янмен үшінші кездесу»

Двалишвили: «Келесі жекпе-жегім – Янмен үшінші кездесу»


Жеңіл салмақта UFC белдігін иеленген бұрынғы чемпион Мераб Двалишвили келесі қарсыласының анықталғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Айтуынша, ол Петр Янмен үшінші мәрте октагонға шығатын болды.

Двалишвилидің сөзінше, UFC оған трилогияның расталғанын жеткізген: «UFC-дегі жігіттер хабарласып: “Қанша қажет болса, демала бер – келесі жекпе-жек Янмен, титул үшін болады” деді. Бірақ мен жазға дейін күткім келмейді. Ауыр жарақат алған жоқпын, сәуір – мен үшін ең қолайлы уақыт», — деген ол Home of Fight парақшасына.

Еске сала кетейік, UFC 323 турнирінде Мераб Двалишвили чемпиондық белдігінен айырылып, реваншта Петр Янға есе жіберген еді. Олардың алғашқы жекпе-жегінде жеңісті грузин спортшысы тіркеген болатын.

UFC чемпионы салмақ ауыстыруды жоспарлап отыр

Белгілі өзбек Қазақстанның танымал медиа-файтеріне қарсылас атанды

Ташкенттегі OCTAGON турнирінің басты жекпе-жегі белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или