UFC келесі жылы 43 турнир өткізуді жоспарлап отыр

UFC келесі жылы 43 турнир өткізуді жоспарлап отыр


UFC ұйымының 2026 жылға жоспарлаған турнир саны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Paramount-пен жасалған жаңа телехабар тарату келісімі турнир көлеміне әсер етпей, промоушен әдеттегі қарқынмен жұмысын жалғастырмақ.

Жарияланған күнтізбеге сәйкес, келесі жылы UFC 13 нөмірлі PPV турнирін және 30 Fight Night кешін өткізеді. Барлығы 43 турнир — бұл 2025 жылмен салыстырғанда бір жарысқа көп.

Ұйым пандемия кезеңінен бері маусымдағы шаралар санын тұрақты деңгейде ұстап келеді.

Жаңа маусымдағы алғашқы турнир — UFC 324. Ол 24 қаңтарда Лас-Вегас қаласында өтеді.

UFC чемпионы салмақ ауыстыруды жоспарлап отыр

Белгілі өзбек Қазақстанның танымал медиа-файтеріне қарсылас атанды

Ташкенттегі OCTAGON турнирінің басты жекпе-жегі белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или