Әлем чемпионаты: ширек финалда он боксшымыз шаршы алаңға көтерілмек

Әлем чемпионаты: ширек финалда он боксшымыз шаршы алаңға көтерілмек


Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып отырған әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, жарыстың жетінші күнінде Қазақстан құрамасынан он боксшы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Рингке Теміртас Жүсіпов, Даниял Сабит, Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнұллинов, Санатали Төлтаев, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов және Нұрлан Сапарбай шығады.

Қазақстандық боксшылардың 1/4 финалдағы жекпе-жек кестесі:

Күндізгі сессия (басталуы 18:00):

48 кг, Ринг A, 18:15 — Теміртас Жүсіпов — Лал Прасад Упрети (Непал)

54 кг, Ринг B, 18:45 — Сәкен Бибосынов — Мвенго Мвале (Замбия)

60 кг, Ринг B, 19:00 — Серік Теміржанов — Акмал Убайдов (Тәжікстан)

67 кг, Ринг A, 19:30 — Санатали Төлтаев — Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

75 кг, Ринг A, 20:15 — Сабыржан Аққалықов — Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль)

92+ кг, Ринг A, 21:15 — Нұрлан Сапарбай — Давит Чалоян (Армения)

Кешкі сессия (басталуы 22:00):

51 кг, Ринг B, 22:15 — Даниял Сабит — Патрик Чиньемба (Замбия)

57 кг, Ринг A, 22:30 — Оразбек Асылқұлов — Карлос Мартинес Бернад (Испания)

63,5 кг, Ринг B, 23:15 — Ертуған Зейнұллинов — Ахмад Штиви (Израиль)

71 кг, Ринг B, 23:45 — Абылайхан Жүсіпов — Сархан Алиев (Әзербайжан)

Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі QARENA арнасында қолжетімді болады.

ӘЧ: Қазақстандық боксшының жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Қазақ боксшы әлем чемпионатында өзбекстандықтан ұтылды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или