Жұлдызды қақпашы «Барыстан» кетуі мүмкін
Америкалық қақпашы Адам Шилдің «Барыс» командасындағы болашағы күмәнді, деп жазады Prosports.kz.
Қақпашы 7-8 ақпанда өтетін КХЛ жұлдыздар ойынына дейін астаналық клубтан кетуі ықтимал.
26 жастағы Шил - клубтың жұлдыздар ойынына қатысатын жалғыз өкілі.
Америкалық қақпашы қыркүйек айынан бері «Барыс» командасында. Шил Михаил Кравецтің командасында 17 ойын өткізді.
7 желтоқсандағы ойында «Барыс» Новосибирскінің «Сибирь» командасынан 1-2 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық команда келесі ойынын 16 желтоқсанда Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы өткізеді.
Тағы бір легионер Қазақстанды таңдап, Ресей азаматтығынан бас тартты
Қарағандылық хоккей клубына жаңа директор тағайындалды
Қазақстан жастары әлем чемпионатын сенсациялық нәтижемен бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или