UEFA әділ бағалады! «Қайрат» - «Олимпиакос» матчының үздігі анықталды
«Қайрат» «Олимпиакостан» 0:1 есебімен жеілгеніне қарамастан, алматылық команда қақпашысы Темірлан Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
UEFA техникалық комиссиясы таңдауына қысқа, бірақ нақты дәлел келтіріп, Анарбектің әрекеттерін «Қайратты» ауыр жеңілістен құтқарған фактор ретінде атады.
«Оның көптеген сейвтері айып алаңында жасалды және «Олимпиакостың» ірі есеппен жеңіске жетуіне кедергі келтірді», - деп жазылған UEFA сайтында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или