Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін қарсыласына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екінші жекпе-жегімде де жеңіске жеттім. Дегенмен, африкалық боксшы өте жылдам екен. Бірнеше соққы жіберіп алса да, шыдамдылық танытып, аяғына дейін жеңіс үшін таласты. Бұл да маған пайдалы болды деп ойлаймын. Келесі жекпе-жегімде жақсы өнер көрсетемін деген үміттенімін», - деді қазақстандық боксшы.

54 келі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Бибосынов танзаниялық боксшы Факи Исса Факиді төрешілер шешімімен (5:0) жеңді.


15 нокауты бар қазақ боксшысы Ресейдегі бокс кешінді жеңіліс тапты

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или