Қазақстандық шахматшылар Испаниядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық шахматшылар Испаниядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Сан-Бой-де-Льобрегатта (Испания) өткен VI Elllobregat Open Chess Tournament жарысында қазақстандық шахматшылар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы IM Меруерт Камалиденова 6 ұпай жинап, жалпы есепте 24-орынға көтерілді. Әйелдер арасында 2-ші орынды жеңіп алды. Бұл санатта 23 спортшы бақ сынады.

Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже — алматылық GM Рамазан Жалмаханов, ол 6½ ұпаймен 16-орынға тұрақтады.

Меруерт үшін бұл жыл ерекше жемісті болды:

  • Азияның 3.4 аймақтық чемпионатында – 3-ші орын
  • Қазақстан чемпионаты–2025 – қола медаль
  • FIDE командалық блиц әлем чемпионаты – күміс, ал рапидте 7-ші тақтада – күміс медаль
  • Әйелдер арасындағы Әлем кубогы – 1/8 финал, Александра Горячкинаны жеңді
  • «FIDE Grand Swiss» – 19-шы орын
  • Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты – 4-шы орын, 2-ші тақтада алтын медаль.


Садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық конькишілер әлем кубогында 11 медаль еншіледі

Астанада үстел теннисінен өткен мықтылар турнирі аяқталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или