Қазақстандық шахматшылар Испаниядағы турнирде сәтті өнер көрсетті
Сан-Бой-де-Льобрегатта (Испания) өткен VI Elllobregat Open Chess Tournament жарысында қазақстандық шахматшылар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
20 жастағы IM Меруерт Камалиденова 6 ұпай жинап, жалпы есепте 24-орынға көтерілді. Әйелдер арасында 2-ші орынды жеңіп алды. Бұл санатта 23 спортшы бақ сынады.
Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже — алматылық GM Рамазан Жалмаханов, ол 6½ ұпаймен 16-орынға тұрақтады.
Меруерт үшін бұл жыл ерекше жемісті болды:
- Азияның 3.4 аймақтық чемпионатында – 3-ші орын
- Қазақстан чемпионаты–2025 – қола медаль
- FIDE командалық блиц әлем чемпионаты – күміс, ал рапидте 7-ші тақтада – күміс медаль
- Әйелдер арасындағы Әлем кубогы – 1/8 финал, Александра Горячкинаны жеңді
- «FIDE Grand Swiss» – 19-шы орын
- Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты – 4-шы орын, 2-ші тақтада алтын медаль.
Садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или