Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Танзания спортшысы Факи Исса Факимен жарқын жекпе-жек өткізді. Отандасымыздың шеберлігі жоғары болса да, қарсылас ауыр соққыларына иек артты. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов Танзания өкілін 3 мәрте нокдаунға жіберсе, отандасымыздың өзі бір мәрте нокдаун алып қалды.

Нәтжесінден, төрешілер шешімімен қазақ боксшысы айқын жеңіске жетті – 5:0.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанып, 2019 жылы қола жүлдеге ие болған еді.

Қазақ боксшысы ширек финалда Шри-Ланка және Замбия жұбының жеңгенімен кездеседі.

Әлем чемпионаты: алтыншы күннің тікелей трансляциясы

ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті

Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или