Қазақстандық қақпашысы Америкада үздік деп танылды
Қазақстандық қақпашы, «Уиллинг Нэйлерс» клубының ойыншысы Максим Павленко ECHL лигасының (Шығыс жағалаудағы хоккей лигасы) үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен аптада ол үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетіп, оның біреуінде шайба өткізбеді. Орта есеппен бір ойынға бір шайбадан ғана жіберіп, қарсыластардың соққыларының 96,4 пайызын қайтарды.
23 жастағы хоккейші «Редингке» қарсы ойында (4:0) 32 соққының барлығын қайтарды. «Гринсбороға» қарсы матчта (3:1) 20 соққыны тойтарды. Сондай-ақ «Гаргулийлс» командасына қарсы кездесуде (5:2) 29 соққыны сейілтті.
Жалпы алғанда, осы маусымда Максим Павленко «Нэйлерс» сапында 11 матч өткізіп, 8 жеңіске қол жеткізді.
Тағы бір легионер Қазақстанды таңдап, Ресей азаматтығынан бас тартты
Қарағандылық хоккей клубына жаңа директор тағайындалды
Қазақстан жастары әлем чемпионатын сенсациялық нәтижемен бастады