Аустралия ашық чемпионатына қатысатын Қазақстан теннисшілері белгілі болды
2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатысатындардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алдағы жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик және рейтингіде 95-орында тұрған Александр Шевченко бақ сынайды.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина, рейтингіде 71-орындағы Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қытайдағы іріктеу турнирінде үздік шыққан рейтингіде 283-сатыдағы Зарина Дияс арнайы шақырту алды.
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина додаға қосылмақ.
Сонымен қатар іріктеу сайыстарына Қазақстаннан әзірге Тимофей Скатовтың қатысатыны анық. Қалғаны кейін анықталады.
Аустралия ашық чемпионаты 12 қаңтар – 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалында бір жеңді, бір жеңілді
Қазақстандық жас теннисші тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің 1/4 финалына шықты
Александр Бублик: «Өзімді өзгеріп бара жатырмын деп айта алмаймын»