«Олимпиакос» бас бапкері: Барлық позицияда мықты футболшылар бар

«Олимпиакос» бас бапкері: Барлық позицияда мықты футболшылар бар

«Олимпиакос» командасының бас бапкері Хосе Луис Мендилибар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайратпен» өтетін матч алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бізде «Қайратты» зерттеуге көп уақыт болған жоқ. Ойын екі командаға да қиын болады деп ойлаймын. Олар әрдайым сапалы және ашық ойнайды. Шабуылға жақсы шығады және қорғанысты дұрыс ұйымдастырады.

Дайындыққа аз уақыт болғандықтан, қарсыластың нақты ойыншылары туралы айту қиын. «Қайратта» барлық позицияда мықты футболшылар бар. Біреуді ерекше атап өтпеймін. Бірақ біздің ойыншыларға кімге абай болу керегін белгілеп қойдық. Дегенмен, барлық нәрсені тек матч барысында толық түсінетін боламыз», - деді Хосе Луис Мендилибар.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын бүгін, сейсенбі күні 20:30-да басталады.

«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады

«Қайрат» – «Олимпиакос»: стадионға тез жетудің жолдары айтылды

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчына төрешілер тағайындалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или