15 нокауты бар қазақ боксшысы Ресейдегі бокс кешінді жеңіліс тапты
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен кәсіби бокс кешінде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші жартылай жеңіл салмақта жергілікті Сергей Ярулин (3-1) қазақстандық Нұрболат Бекбауовпен кездесті. Жекпе-жек алты раундқа дейін созылды және төрешілер шешімі бойынша жеңіс ресейлік боксшыға берілді. Бұл Бекбауов үшін кәсіби рингтегі жетінші жекпе-жек болды. Оның 5 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.
Ал кештің басты оқиғасы бірінші жартылай жеңіл салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек болды. Ресейлік Алексей Мазур (11-1, 5 КО) мен қазақстандық Дастан Садуұлы (16-4, 15 КО) арасындағы кездесу төрешілер шешіміне дейін жалғасты. Нәтижесінде жеңіс ресейлік боксшыға бұйырды. Осыдан кейін Садуұлы еншісінде 16 жеңіс және 5 жеңіліс болды.
15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті