«Қайрат» жастары «Олимпиакос» жастарын сенімді жеңді

«Қайрат» жастары «Олимпиакос» жастарын сенімді жеңді

«Қайрат» U19 UEFA Youth League 6-турында «Олимпиакос» жастарын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» сапынан Рамазан Бағдат (4-минут) пен Мұхамедәлі Әбіш (57-минут) көзге түсіп, матч 2:0 есебімен бітті.

Осылайша, «Қайрат» жастары турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл алматылық жастардың турнирдегі соңғы матчы болды. Алты ойында төрт ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алатын 22 команданың қатарына қосыла алмады.

Бұған дейін «Қайрат» португалиялық «Спортингке» (2:3), испаниялық «Реалға» (1:4), кипрлік «Пафосқа» (1:3), италиялық «Интерге» (0:3) есе жіберіп, сондай-ақ даниялық «Копенгагенмен» (2:2) тең ойнаған еді.

«Қайрат» – «Олимпиакос»: стадионға тез жетудің жолдары айтылды

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчына төрешілер тағайындалды

Наоми Датсон: Жаттығуды дұрыс жоспарлау – нәтижеге тікелей әсер етеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или