Майк Тайсон Флойд Мэйвезермен жекпе-жек өтетін күні мен орнын жариялады
Бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон келесі 2026 жылдың наурыз айында бес салмақ бойынша бұрынғы чемпион Флойд Мэйвезермен көрмелік жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sovsport.ru-ға сілтеме жасап.
«Жекпе-жек наурыз айында Африкада өтеді. Бұл керемет болады. Біз барлық рекордты жаңартамыз. Бұл спорт тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі болады», - деді Тайсон «An Experience With» бағдарламасында.
Майк Тайсон, қазір 59 жаста, 2005 жылы кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады. Америкалық боксшы 59 жекпе-жек өткізіп, оның 50-і Тайсонның жеңіспен, жетеуі жеңіліспен аяқталды. 2011 жылы Майк Тайсон Халықаралық бокс Даңқ Залына енгізілді.
Флойд Мэйвезер 48 жаста. Ол 2017 жылы кәсіпқой бокстан кетті, барлығы 50 жекпе-жек өткізіп, 50 жеңіске жетті, оның 27-сі нокаутпен аяқталды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақта, жеңіл, бірінші жартылай орта, жартылай орта және бірінші орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
15 нокауты бар қазақ боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
ӘЧ: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті
Әлімханұлын алмастырған боксшы қарсыласынан ойсырай жеңілді